Ұлытау облысында жаппай көгалдандыру бастамасы қолға алынды
Ұлытау облысының прокуратурасы өрік сүйектерін жаппай отырғызуға бағытталған экологиялық бастаманы қолға алды.
Бастаманың идеясы қарапайым: өрік сүйектерін тастамай, жинап, елді мекендерді көгалдандыруға пайдалану. Бұл дақыл әртүрлі табиғи жағдайларға жақсы бейімделеді, ал оны отырғызу күрделі дайындықты қажет етпейді.
Бастама Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 22 сәуірді Халықаралық Жерді көгалдандыру күні деп жариялау туралы шешімі аясында ерекше маңызға ие.
Бастамаға мектеп оқушылары мен мемлекеттік органдар қосылды. Жиналған сүйектер облыс аумағында отырғызылуда.
Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлінуде. Сүйек отырғызу арқылы балалардың табиғатқа ұқыпты қарауы мен қоршаған ортаға деген жеке жауапкершілігін іс жүзінде қалыптастыруға мүмкіндік бар.
Әр адамның қарапайым әрекеті үлкен нәтижеге – мыңдаған жаңа ағаштар мен жасыл желекке оранған қалалар мен ауылдарға бастау бола алады.
Дәнді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер.