Спорт

Ұлытау облысының спортшылары Астанада өткен бочча турнирінде алты жүлделі орын иеленді

12–16 қыркүйек аралығында Астана қаласында боччадан ашық турнир өтті. Редакцияға оқырман жолдаған ақпарат бойынша, жарысқа Қазақстанның әр өңірінен спортшылар қатысқан.

Ұлытау облысының намысын қорғаған спортшылар турнир қорытындысында алты жүлделі орынға ие болды.

🥇 Иманбекова Асылжан — I орын
🥇 Серік Рамазан — I орын
🥈 Ғабдуллаев Оразбек — II орын
🥉 Жұмкен Әрсен — III орын
🥉 Нұрбекқызы Жауқазын — III орын
🥉 Көшкенова Ұлту — III орын

Осылайша, Ұлытау облысының спортшылары жарысты екі алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен аяқтады. Спортшылар турнир барысында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өңір қоржынына кезекті жүлделерді қосты.

Редакцияға ұсынылған ақпаратта спортшыларға қолдау көрсетіп келе жатқан Ұлытау облысының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдірілген.

Жүлдегер спортшыларды құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Back to top button