Спорт

Жезқазғанға еліміздің үздік жас дзюдошылары жиналады

2–5 қараша аралығында Жезқазған қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігінде Қазақстанның әр өңірінен келген ерлер мен әйелдер татамиге шығып, өз салмақ дәрежелері бойынша чемпиондық атақ пен жүлделі орындарды сарапқа салады.

Жарыс жас дзюдошылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауына және спорттық әлеуетін көрсетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ елдің үздік жас спортшыларын анықтауға жол ашады.

Қазақстан чемпионаты Жезқазған қаласындағы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылады.

Back to top button