СпортҰлытау тынысы

Ұлытаулық оқушылар республикалық инклюзивті спорт фестивалінде топ жарды

Ұлытау облысының оқушылары «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалінде жеңімпаз атанды. Жаңаарқа ауданындағы С. Сейфуллин атындағы мектептің 7–8-сынып оқушыларынан құралған команда жарыста бірінші орын иеленді.

Еліміздің әр өңірінен 15 команда қатысқан сайыста Серік Рамазан, Секен Нұрсұлтан және Есен Аяла өзара ұйымшылдық пен шеберлік танытып, үздік нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар осы мектептің 5–6-сынып оқушыларынан құралған команда да жақсы нәтиже көрсетті. Қаппаров Асыл, Серік Арайлым және Мансұр Аслан төртінші орынға ие болды. Бұған қоса, команда белсенділігі үшін арнайы марапатпен атап өтілді.

«Тең мүмкіндіктер» фестивалінің басты мақсаты – балаларды спортқа баулу, инклюзивті ортаны дамыту және әр баланың қабілетін ашуға тең мүмкіндік жасау. Байқау оқушылардың спорттық әлеуетін танытып қана қоймай, командалық рух пен өзара қолдаудың маңызын да көрсетеді.

Back to top button