Білім

Ұлытауда оқушылардың күзгі демалысы мазмұнды өтті

Ұлытау облысында күзгі каникул кезінде оқушылардың демалысы мазмұнды ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары бос уақытын тиімді пайдаланып, спорттық жарыстарға, шығармашылық кездесулерге және танымдық шараларға қатысты. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Демалыс күндері де өңірдегі қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтаған жоқ. Бекітілген кестеге сәйкес үйірмелер мен секциялар сенбі-жексенбі күндері де жұмыс істеп, балаларға жаңа қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Оқушылар музыка, бейнелеу өнері, спорт, шығармашылық және танымдық бағыттар бойынша ұйымдастырылған сабақтарға қатысып, өз қызығушылықтарын дамытуға уақыт бөлді. Сонымен қатар балалар арасында түрлі спорттық жарыстар өткізіліп, шығармашылық кездесулер мен білімін толықтыруға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мұндай шаралар балалардың бос уақытын тиімді өткізуімен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.

Күзгі каникул аяқталғанымен, қосымша білім беру ұйымдары өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда өңірде балаларға арналған шығармашылық, зияткерлік және спорттық бағыттағы тегін үйірмелер мен секциялар қолжетімді.

Ата-аналар балаларының қызығушылығы мен бейіміне қарай үйірме таңдап, олардың сабақтан тыс уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасай алады.

Back to top button