Спорт
Жезқазғандық дзюдошы Нұрайлым Сәрсенбек Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанды

Жезқазған қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеде Ұлытау облысының спортшысы Нұрайлым Сәрсенбек жүлделі орыннан көрінді.57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрайлым жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, қола медальді еншіледі.
Осылайша, жерлесіміз республикалық додада өңір намысын абыроймен қорғап, Ұлытау облысының қоржынына жүлде салды.Спортшыны және оның жаттықтырушыларын лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!