Қоғам

Жезқазғанда жаңа пәтерлердің кілті табысталды

Бүгін, 13 қарашада Жезқазған қаласында жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындарға пәтер кілттері табысталды. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және әлеуметтік осал санаттағы азаматтар бар.

Салтанатты рәсімде қала әкімі Мұрат Бөрібаев жаңа пәтер иелерін құттықтап, баспаналы болу – әр отбасы үшін маңызды әрі қуанышты оқиға екенін атап өтті. Сондай-ақ қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Жаңа тұрғын үй Алашахан көшесі, 62/1 мекенжайында орналасқан. Пәтерлердің басым бөлігі екі және үш бөлмелі.

Айта кетейік, тұрғын үй құрылысы Үкімет қаулысымен бекітілген 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылған.

Жаңа қоныс иелері үшін бұл күн көптен күткен армандарының орындалып, жаңа өмірге қадам басқан ерекше сәтке айналды.

Back to top button