Ұлытауға көшіп келушілер саны артып келеді: екі жылда 56 отбасы қоныс аударған
Соңғы екі жылда «Оңтүстіктен Солтүстікке» бағдарламасы аясында Ұлытау өңіріне 56 отбасы қоныс аударды. Әсіресе 2025 жылы 27 отбасы, яғни 111 адам жаңа қонысқа көшіп келді. Биыл да өңірге тағы 27 отбасыны тарту жоспарланып отыр.
Қоныс аудару бағдарламасы аясында әр отбасы мүшесіне бір реттік 300 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, бір жыл бойы тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 100 000 теңге мөлшерінде қолдау беріледі.
Бағдарламаның мақсаты – өңірдің демографиялық өсімін қамтамасыз ету, жаңа тұрғындарды тұрақты қоныстандыру және жергілікті экономиканы дамыту. Қоныс аударған отбасылар жұмысқа орналасу, білім алу және әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізе алады, бұл олардың жаңа ортаға тез бейімделуіне мүмкіндік береді.