Басты жаңалықҰлытау тынысы
Жезқазғанда көмірмен жұмыс істейтін жаңа электр станциясы салынуы мүмкін
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2030 жылға дейін көмір генерациясын дамытуға арналған Ұлттық жоспардың жобасын жариялады. Құжатта елдегі электр энергиясының тапшылығын азайту және тозығы жеткен станцияларды жаңарту мәселелері қарастырылған.
Жоспарға сәйкес, алдағы жылдары республика бойынша алты жаңа энергетикалық нысан салу көзделіп отыр. Сол жобалардың бірі Жезқазған қаласында жүзеге асырылуы мүмкін.
Министрлік мәліметінше, жаңа станцияларда қоршаған ортаға әсерді азайтып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи «таза көмір» технологиялары қолданылмақ.
Аталған жоба бойынша түпкілікті шешім барлық мүдделі тараптармен талқылау жүргізілгеннен кейін қабылданады.