Білім

Ұлытау облысының бірқатар қалаларында оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылдың 11 ақпанында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында бірінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Жезқазғанда 0–4 сынып оқушылары онлайн форматта білім алады. Ал Сәтбаевта бірінші ауысымның 2–4 сынып оқушылары үшін дәстүрлі сабақтар уақытша тоқтатылып, қашықтан оқыту ұйымдастырылды.

Білім бөлімдері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап, ресми ақпараттарды қадағалап отыруды ескертті.

Back to top button