Ұлытауда бес жыл бойы қыз бен отбасын аңдыған адам ұсталды

Ұлытау облысында полиция ұзаққа созылған киберқудалау фактісін анықтады. Бес жыл бойы белгісіз біреулер аноним аккаунттар арқылы бір отбасыны жүйелі түрде қудалап келген.
Бастапқыда құрбаны жас қыз болған: оған қоқан-лоққы көрсетіліп, шантаж жасалған және жалған ақпарат таратылған. Уақыт өте келе қудалаушы әрекеттерін күшейтіп, жасанды интеллект арқылы жалған интимдік фото мен видеолар жасап, оларды туыстарына, достарына және басқа тұлғаларға таратқан.
2023 жылы қудалаушы қыздың тойына араласып, болашақ туыстарына компромат жіберген. Нәтижесінде үйлену тойы тоқтатылған. Қыз желіден кетуге тырысқанда, қудалаушы оның туыстарына, соның ішінде кәмелетке толмаған балаларға да қауіп төндірген.
Киберполиция қудалаушының кім екенін анықтады. Ол 22 жастағы Сатпаев тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оның үйінен техникалық құралдарын тәркіледі, ал қылмыскер қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, оның басқа да желідегі қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.