Жасанды интеллект шешті: «Ұлытау» жаңа маусымды «Атырауға» қарсы бастайды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 2026 жылғы футбол маусымының алғашқы үш турының күнтізбесін таныстырды. Ерекшелігі — бұл жолы матчтар кестесі жасанды интеллект көмегімен жасақталған. Заманауи технологияны қолдану турнир құрылымын тиімді жоспарлауға және командалар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Жаңа маусым «Ұлытау» футбол клубы үшін сырт алаңдағы матчпен басталмақ. Бірінші турда команда «Атырауға» қарсы ойнайды. Ал екінші турда жанкүйерлер «Ұлытаудың» өз алаңында «Қызылжарды» қабылдайтын тартысты кездесуді тамашалай алады. Үшінші турда ұлытаулықтар «Оқжетпеспен» сырт алаңда күш сынасады.
I тур
-
«Ақтөбе» – «Тобыл»
-
«Алтай» – «Қайрат»
-
«Астана» – «Жетісу»
-
«Атырау» – «Ұлытау»
-
«Қайсар» – «Жеңіс»
-
«Қызылжар» – «Каспий»
-
«Оқжетпес» – «Елімай»
-
«Ордабасы» – «Ertis»
II тур
-
«Каспий» – «Оқжетпес»
-
«Елімай» – «Алтай»
-
«Ertis» – «Атырау»
-
«Қайрат» – «Ақтөбе»
-
«Қайсар» – «Астана»
-
«Тобыл» – «Жетісу»
-
«Ұлытау» – «Қызылжар»
-
«Жеңіс» – «Ордабасы»
III тур
-
«Ақтөбе» – «Елімай»
-
«Алтай» – «Каспий»
-
«Астана» – «Тобыл»
-
«Атырау» – «Жеңіс»
-
«Қызылжар» – «Ertis»
-
«Оқжетпес» – «Ұлытау»
-
«Ордабасы» – «Қайсар»
-
«Жетісу» – «Қайрат»