Ұлытау ауылдық округінде Конституциялық реформалар талқыланды

Ұлытау ауылдық округінде «Конституциядағы өзгерістер мен қоғамдық пікір» тақырыбында сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде конституциялық реформалардың мәні мен маңызы, қоғамдағы өзекті көзқарастар мен алдағы референдумның рөлі жан-жақты сарапқа салынды.
Жиын барысында спикерлер жаңартылған Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және елдің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар ашық пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Мазмұнды форматта өткен еркін диалог алаңы қоғам мен сарапшылар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге белсенді араласуына жол ашады.