Ұлытау облысында «Резеңке пәтерлер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

18-21 ақпан аралығында Ұлытау облысының аумағында «Резеңке пәтерлер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Шараның негізгі мақсаты — жалған тіркеудің алдын алу, көлеңкелі әрекеттер мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу.
Мамандардың айтуынша, бір мекенжайға ондаған адамды тіркеу — жай ғана көмек көрсету емес, заң бұзушылық болып саналады. Мұндай әрекеттер алаяқтыққа, түрлі заңсыз операцияларға және басқа да құқыққа қарсы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Тұрғындарға пәтерге тіркеу үлкен жауапкершілік екені ескертіледі. Егер азамат көрсетілген мекенжайда нақты тұрмаса, оны тіркеу заңсыз болып есептеліп, әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Құқық қорғау органдары тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және қауіпсіз ортаны бірге қалыптастыруға шақырады.