Денсаулық
Тренд

Сәтбаевта алғаш рет аз инвазивті лапароскопиялық операция жасалды

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық ауруханасында өңір медицинасы үшін маңызды тарихи оқиға тіркелді. Қалада тұңғыш рет аз инвазивті лапароскопиялық операция – холецистэктомия сәтті жүзеге асырылды.

Ота 1999 жылы туған пациентке жасалды. Дәрігерлердің мәліметінше, операция жоғары деңгейде өтіп, науқастың жағдайы тұрақты.

Күрделі хирургиялық көмекті медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург Сағат Қожасов пен білікті мамандар Олжаев Э.Ә. және Жүнісов А.К. бірлесіп атқарды. Мамандардың кәсіби шеберлігі мен үйлесімді командалық жұмысының нәтижесінде операция сәтті аяқталды.

Бұл – Ұлытау облысында жоғары технологиялық хирургиялық көмектің дамуына жасалған маңызды қадам. Жаңа тәсіл науқастардың тезірек сауығып, операциядан кейінгі кезеңді жеңіл өткеруіне мүмкіндік береді.

Сәтбаев қалалық ауруханасының ұжымына медицина саласындағы осы жетістігі үшін кәсіби табыс пен толағай жетістіктер тілейміз.

Back to top button