Сәтбаев қаласының бірқатар көшелерінде электр энергиясы уақытша өшіріледі

Сәтбаев қаласында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23 ақпан күні кейбір шағынаудандар мен көшелерде электр қуаты уақытша ажыратылады. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін ТП-4 желісіне қарасты №3 және №4 шағынаудандарда, трансформатор №2 (400 кВА) бойынша контактылы қосылыстарды тексеру жұмыстары жүргізіледі. Осы уақыт аралығында Тәуелсіздік даңғылының 49, 55, 57-үйлері мен Ерден көшесінің 173, 175-үйлерінде электр энергиясы болмайды.
Ал 14:00-ден 17:00-ге дейін ТП-74 орамында ағымдағы жөндеу жұмыстары өтеді. Осыған байланысты Байқоңыров көшесінің 76–100, Бұлқышев көшесінің 13–144, Алаш көшесінің 32-үйі, Абай көшесінің 42 және 52-үйлері уақытша жарықсыз қалады.
Сонымен қатар ТП №12А орамында жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты Байқоңыров көшесінің 17-үйінде де электр қуаты уақытша ажыратылады.
Коммуналдық қызмет мамандары тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрап, жөндеу жұмыстары электр желілерінің сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.