Жезқазғанда Масленица мерекесі аталып өтті

Жезқазған қаласында қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алудың белгісі саналатын Масленица мерекесі кең көлемде және ерекше сән-салтанатпен өтті. Ашық алаңда халық әндері мен би қойылымдары шырқалып, ұлттық ойындар мен түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтар белсенді қатысып, алаңды шаттық пен көтеріңкі көңіл-күйге бөлеп, мерекенің рухын толық сезінді.
Мереке барысында дәстүрлі құймақтар мен ыстық шай ұсынылды, байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтарға ие болды. Ұлттық орыс киімдерін киген тұрғындар мен қонақтар шараның көркін аша түсіп, халықтық дәстүрлерге деген құрметті ерекше көрсетті.
2026 жылы Масленица апталығы 16–22 ақпан аралығында өтті. 23 ақпаннан бастап православ христиандар үшін Пасхаға дайындық кезеңі — Ұлы Ораза басталады. Биылғы мереке күнтізбесі ерекше үйлесімге ие болды: қасиетті Рамазан айы, Ұлы Ораза және Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі ақпанның екінші жартысына тұспа-тұс келді. Бұл үйлесім әр халықтың дәстүріне сыйластықты көрсетіп, қоғамдағы мәдени және рухани әртүрліліктің маңызын айқындады.