Білім
Жезқазған педагогтері тәжірибесі: білім беруде жасанды интеллект пен функционалдық сауаттылық

2026 жылғы 25 ақпанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қолдауымен Астана қаласында, Ә.Кекілбаев атындағы «Binom school» мектеп-лицейі базасында «Оқытудағы жаңа мүмкіндіктер: функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллект интеграциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – білім беру үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту, жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдарын талқылау және озық тәжірибелермен алмасу.
Аталған жиынға Жезқазған қаласының педагогтері белсенді қатысып, өз іс-тәжірибелерін ұсынды. Қатысушылар халықаралық деңгейдегі Алғыс хаттармен марапатталып, еңбектері конференция жинағына енгізілді.