Ұлытау тынысы
Ұлытауда су тасқыны қаупінің алдын алу шаралары күшейтілді

Ұлытау ауданында қар еруіне байланысты көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мониторинг жүргізілді. Шеңбер ауылдық округіне қарасты Қараторғай өзенінің су деңгейі мен жалпы жағдайы бақылауға алынды. Мамандар көктемгі қар еру кезеңіндегі гидрологиялық ахуалды бағалады.
Іс-шараға аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі және «Қазгидромет» филиалының өкілдері қатысты. Қазіргі таңда өзендегі жағдай тұрақты, бақылау жұмыстары жалғасуда.