Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
2026 жылғы 1 наурыздан бастап елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл шара «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, Қарулы Күштерді толықтыру және елдің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған.
Дайындық ақпан айының 10-28 күндері аралығында жүргізіліп, әскерге шақырылатын азаматтар жан-жақты тексеруден өтті. Шақыру комиссиясына жергілікті атқарушы органдар, медицина және құқық қорғау саласының өкілдері кірді. Мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.
Қазіргі кезде әскер қатарына қосылуды азаматтық парыз деп білетін жастар қатары артып отыр. Әскерге шақырылғандар медициналық комиссиядан өтіп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.Әскери қызмет еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.