Заң және тәртіп

Ұлытау ауданында «Қауіпсіз көше» іс-шарасы өтуде

«Заң мен Тәртіп» қағидасын негізге ала отырып, Ұлытау ауданы аумағында 3–5 наурыз күндері «Қауіпсіз көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Бұл шараның басты мақсаты – аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қазіргі таңда қауіпсіздік мәселесі – баршамызға ортақ міндет. Осыған орай іс-шара барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Көшелер мен халық көп шоғырланатын орындарда бақылау күшейтіліп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар қолға алынуда. Мұндай жұмыстар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң талаптарын сақтауға шақырады.

Back to top button