
Жезқазған қаласында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. №3 мектепте өткен іс-шараға қала Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Дүйсебаев пен Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Ақбаян Кәрім қатысты.
Кездесу «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбында өтті. Шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік шаралары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ата-аналар мен заңды өкілдердің бала тәрбиесіндегі рөлі, құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың салдары жан-жақты айтылды.
Мамандар жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік мәселелерін, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу жолдарын да түсіндіріп, заң талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті.