
Ұлытау ауданында аудан әкімі Аманжол Мырзабековтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиын Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күнімен тұспа-тұс келіп, қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдерімен ерекшеленді.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, кент және ауыл әкімдері қатысты. Күн тәртібінде алдағы Наурыз мейрамына дайындық мәселелері қаралды.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов баяндама жасап, мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылу барысын таныстырды. Сонымен қатар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Қасымбеков пен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мартулан Алмағанбетов өз салалары бойынша дайындық жұмыстары туралы есеп берді.
Аудан басшысы мерекені жоғары деңгейде өткізудің маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысына жүктелді.