
Наурызнама онкүндігі аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Ұлытау ұлттық паркінің қызметкерлері бірлесіп, Тасбұлақ бұлағының басында тазалық акциясын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Бұл бастама Наурыз мерекесінің мәнін тереңдете түсіп, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Акция барысында қатысушылар бұлақ маңын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді. Табиғи су көздерін қорғау – болашақ ұрпаққа таза орта қалдырудың маңызды қадамы екені тағы бір мәрте дәлелденді.