Қоғам
Тренд

Конституциядағы дін мәселелері кеңінен түсіндірілді

Ұлытау облысы Дін істері басқармасының басшысы Дулат Телегенов Қазақстан Республикасы Конституциясындағы дінге қатысты баптарға тоқталып, олардың маңызын кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында ол еліміздің зайырлы мемлекет екені Конституцияда нақты бекітілгенін атап өтті. Бұл қағида – мемлекет пен діннің өзара ажыратылғанын, барлық азаматтардың ар-ождан бостандығына кепілдік берілетінін білдіреді.

Шара барысында қатысушыларға діни тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстардың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ, дін саласындағы заңнамаларды сақтау – ел қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылықтың негізгі кепілі екені атап өтілді.

Back to top button