Ұлытау тынысы
Тренд

Қызылорда–Жезқазған автожолында жөндеу жұмыстары басталды

Ұлытау облысының «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы ауа райының жылынуына байланысты Қызылорда–Жезқазған автожолының 216–424 шақырым аралығында жол құрылысы жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Аталған учаскеде жол жамылғысын жаңарту, тегістеу, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына сай инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жол сапасын арттырумен қатар, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты жүргізушілерден аталған бағытта қозғалыс кезінде уақытша шектеулер мен ескерту белгілеріне назар аударып, жол ережелерін қатаң сақтаулары сұралады. Сонымен қатар, жол учаскесінде арнайы техника мен жұмысшылардың болуы себепті жылдамдықты төмендетіп, барынша сақтық таныту қажет.

Back to top button