
Ұлытау облыстық сотында әкімшілік сот ісін жүргізу барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарының сақталуына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы М.А. Әкішев жүргізді.
Жиынға аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Кездесу барысында сот тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, процестік мерзімдерді сақтау, тараптардың құқықтарын қамтамасыз ету және құжат айналымын жетілдіру бағытында ұсыныстар айтылды.