Спорт
Тренд

Ұлытау спортшысы құсбегіліктен ел чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Наурыз айының 24–28 күндері Павлодар қаласында құсбегіліктен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарыста Ұлытау облысының намысын қорғаған Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Амангелді Арифулла жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды.

Жас спортшының жетістігі – жүйелі дайындық пен табанды еңбектің нәтижесі. Оның бапкері Сейпішев Қайсар шәкіртінің әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Back to top button