
Ұлытау волейбол клубы сабақтастық пен дәстүрді нығайту мақсатында кіші топ тәрбиеленушілеріне жаңа ойын формасын табыстады.

Бұл игі бастама жас спортшылардың волейболға деген қызығушылығын арттырып, олардың спорттағы алғашқы қадамдарына серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар, мұндай қолдау болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге және олардың жігерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Клуб басшылығы жасөспірімдер спортын дамыту – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, жас буынға жағдай жасау арқылы өңірде волейбол спортының дамуына жаңа серпін беріледі.