Ұлытау тынысы
Тренд

Облыс әкіміне мәселеңізді айтып үлгердіңіз бе?

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.

Қабылдау барысында бес өтініш қаралды. Тұрғындар көше атауын беру, мектеп құрылысы, тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу, көші-қон мәселелері, өтемақы алу және жер телімін рәсімдеу бойынша өз сұрақтарын жеткізді.

Облыс әкімі көтерілген мәселелердің барлығы заң талаптарына сәйкес жан-жақты әрі мұқият қаралуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты басқармалар мен қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына 8 710 2 60 02 96 нөмірі арқылы немесе E-otinish ақпараттық жүйесі арқылы жазылуға болады.

Back to top button