Мәдениет
Тренд

294 кітап жазасын өтеушілердің қолында

Жезқазған қаласының кітаптары жазасын өтеушілерге сыйға тартылды

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абдоллаұлының тапсырмасымен қаланың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен есептен шығарылған 294 дана кітап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару комитетіне қарасты №62 мекемесіне жеткізіліп, жазасын өтеушілерге сыйға тартылды.

Бұл шара жазасын өтеушілердің білім алуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Кітаптар арасында қазақ және әлем классикасы, көркем әдебиет және танымдық басылымдар бар.

Табыстау барысында кітапханалық қызметкерлер жазасын өтеушілерге кітаптарды дұрыс пайдалану жөнінде қысқаша түсіндірме жүргізді.

Back to top button