Ұлытау тынысы
Тренд

Қызылорда – Жезқазған жолы қаншалықты қауіпсіз?

Азия даму банкінің өкілдері жол құрылысы жобасымен танысты

Азия даму банкінің өкілдері Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келіп, республикалық маңызы бар Қызылорда – Жезқазған автожолын қайта жаңарту жобасының жүзеге асу барысымен танысты.

Сапар барысында делегация құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасын бағалап, жобаның іске асырылу деңгейіне назар аударды. Әсіресе әлеуметтік және экологиялық талаптардың сақталуы басты назарда болды.

Мамандар жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі, жұмысшылардың еңбек жағдайлары және қоршаған ортаға келетін әсерді азайту шараларын қарастырды. Сонымен қатар, табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық стандарттарды сақтау бағытындағы жұмыстар оң бағасын алды.

Back to top button