
Жошы хан кесенесінің күмбезі – Ұлытау өңірінің құнды тарихи мұраларының бірі. Оның түпнұсқасы Ұлытау ұлттық музей-қорығында сақтаулы.
Астана қаласындағы Ұлттық музейде ашылатын Алтын Ордаға арналған жаңа көрмеге күмбездің көшірмесі қойылады. Қазір мамандар оның көшірмесін жасап жатыр. Жоба шамамен бір айда аяқталады.

Бұл бастама Ұлытау мұрасын елге кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.