Басты жаңалық
Ұлытауда ТЖ қызметі көктемге қаншалықты дайын? Подкастта ашық айтылды
Ұлытау облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Әлібек Абиловпен көктемгі кезеңге дайындық тақырыбында подкаст жаздық.
Эфир барысында су тасқынына дайындық, алдын алу жұмыстары, ең қиын сценарий кезіндегі әрекеттер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, қыста құтқарушылардың ондаған адамды — соның ішінде жоғалған тұрғындар мен мұз үстіндегі балықшыларды қалай аман алып қалғаны айтылды.
Спикер төтенше жағдайлар қызметінде кадр тапшылығы бар екенін де жасырмады — мамандар мен құтқарушылар жетіспейді.
Подкаст ашық әрі нақты өтті — жүйенің күші де, әлсіз тұстары да айтылды.
Толығырақ — біздің подкастта.