
Сәуірдің 8–9 күндері Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының дәстүрлі жыл қорытындысы өтті. Жиын соңында бірқатар қаламгерлерге әдеби сыйлықтар табысталды.
Ұлытау жұртшылығы үшін ерекше қуанышты жаңалық — ақын, жазушы, қарымды қаламгер, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, Ұлытау облыстық Жазушылар одағы филиалының төрағасы Батырбек Мырзабеков жақында жарық көрген он томдық жинағы үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.