
Ұлытау облысы Полиция департаментінде қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті.
Ағымдағы жылдың 6–10 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының оқытушылары Ұлытау облысы Полиция департаментіне арнайы келіп, әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді.
Оқу барысында құқық қорғау қызметінің заманауи талаптары мен өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылып, қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға қажетті практикалық дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Курс қорытындысы бойынша Ұлытау облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, полиция полковнигі А. Әбішев қатысушыларға арнайы сертификаттарды табыстап, қызметкерлерге кәсіби шеберлікті арттыру жолында табыс тіледі.