
2026 жылдың 10–11 сәуір күндері Сәтбаев қаласындағы «Жастар» спорт сарайында дзюдодан 2014–2015 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық біріншілік өтті. Дәстүрлі жарысқа өңірдің әр түкпірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған додада Жезді кентінің намысын қорғаған жас дзюдошылар да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Игілік Ибраһим 38 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, Омарғали Расул (+42 кг), Сәрсенбек Нұрмұхаммед (42 кг) және Өтеулі Әли (35 кг) өз салмақтарында ІІІ орын иеленді.