Мерхат Сапарғалиев Ұлытау облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің басшысы болып тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мерхат Сапарғалиев тағайындалды.
Мерхат Балтыбекұлы Батыс Қазақстан инженерлік технология университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы БҚО Ақжайық ауданының әкімдігінде бастаған.
2010-2011 жылдары Орал қалалық маслихаты аппаратының жетекші маманы лауазымында қызмет етті.
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржылық бақылау инспекциясының бас бақылаушы-тексерушісі.
2014-2023 жылдары БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі қызмет атқарды.
2023-2025 жылдары Мемлекеттік еңбек
инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінде бас маман, бөлім басшысы.
2025 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы қызметін атқарды.