
Ұлытау аудандық сотында медиация бойынша дөңгелек үстел өтті
Ұлытау аудандық сотында татуластыру рәсімдері мен медиация институтын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға сот өкілдері, кәсіби медиаторлар және Билер кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесудің мақсаты – медиацияны дауларды шешудің баламалы әрі тиімді тәсілі ретінде насихаттау және оның маңызын түсіндіру.
Жиын барысында «Медиация туралы» заң түсіндіріліп, азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, белсенділік танытқандарға алғыс айтылды.