
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жәйрем кентіне жұмыс сапарымен барып, Қаражал қаласы мен кент тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік, инфрақұрылымдық және спорт саласына қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, тиісті тапсырмалар берілді.

Сапар аясында өңір басшысы реновация бағдарламасы бойынша жаңғыртылатын №10 және №30 мектептерді аралап, алдағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ білім беру нысандарының аумағын абаттандыру мен бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар Жәйремдегі спорт клубына барып, мұнда 600-ге жуық бала спорттың 10 түрімен айналысатынын атап өтті. Облыс әкімі биыл демеушілер есебінен жаңа спорт нысанының құрылысы басталатынын жеткізді.