
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері Басқамыр қалашығында сенбілік өткізді.
Шара барысында тарихи нысан аумағы тазартылып, көне орынның сақталуына бағытталған жұмыстар атқарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи мұра – ұлттың баға жетпес байлығы, оны қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Осындай игі істер арқылы тарихи ескерткіштерді сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу көзделеді.