Спорт
Ұлытаулық ойыншы үздік атанды

14–21 сәуір күндері аралығында волейболдан Қазақстан Республикасының XXXIV чемпионаты аясында Ұлытау облысы әкімінің кубогы өз мәресіне жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
3орын – «Ертіс» командасы (Павлодар облысы)
2 орын – «Қайсар» командасы (Қызылорда облысы)
1 орын – «Маңғыстау» командасы (Маңғыстау облысы) иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталып, медальдар және облыс әкімінің кубогы табысталды.
Айта кетейік, Ұлытау командасының құрамынан Ордабеков Азамат үздік ойыншы атанды.