Ұлытау тынысы
Тренд

Алыс жол сапаны сынайды, ал сапа Жездіде сыналады

Ұлытауда жол сапасына қатысты оқыту семинары өтті

Ұлытау облысында Ұлттық жол активтері сапасы орталығы филиалының базасында жол саласына арналған ауқымды оқыту семинары ұйымдастырылды. Шараға жергілікті әкімдіктердің тапсырыс берушілері, мердігер ұйымдар, сондай-ақ ҚазАвтоЖол және Қажсервис өкілдері қатысты.

Семинар барысында жол-құрылыс материалдарының сапасына қойылатын талаптар, ведомстволық сараптама жүргізу тәртібі және автомобиль жолдарын диагностикалау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға тәжірибелік мысалдар арқылы сапаны бақылаудың негізгі тетіктері таныстырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жол құрылысының сапасын арттыру, белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және әр кезеңдегі бақылауды күшейту.

Back to top button