
Жезқазғанда «Суды үнемде — болашақты сақта» экологиялық акциясы өтті
Жезқазған қаласында су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған «Суды үнемде — болашақты сақта» акциясы өтті.
Шараға О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті студенттері қатысты. Кездесу офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында суды тиімді пайдалану, тұрақты даму мәселелері және табиғи ресурстарды сақтауда әр адамның рөлі талқыланды. Сонымен қатар, жастарды экологиялық бастамаларға тарту мен су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.