Заң және тәртіп
Тренд

Аңқау елге — арамза молда

Жезқазған қаласында демалыс күніне қарамастан полиция басқармасының жеке құрамы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Осыған орай тәртіп сақшылары халықпен кездесулер өткізіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында азаматтарға ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөнінде кеңес берілді.

Қазіргі уақытта алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданып, азаматтардың сеніміне кіріп, жеке деректері мен қаржысын иемденуге тырысуда. Сондықтан мамандар әрбір тұрғынды мұқият болуға шақырады.

Құқық қорғау органдары жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс қоңырауларға сенбеуге кеңес береді. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік ең алдымен әр азаматтың өз қолында.

Back to top button