
Жасыл дәліз – қаланың жаңа тынысы
Қалада «Жасыл дәліз» жобасы жүзеге асуда. Кіреберіс аумақта үш қатарға 1400-ден астам ағаш отырғызылып, оларды күтіп-баптау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Жол бойына суару құбырлары тартылып, автосуару жүйесі орнатылуда. Сонымен қатар, су көзін қамтамасыз ету үшін ұңғымалар қазылып, арнайы су сыйымдылықтары қойылуда.
Бұл бастама қала келбетін көркейтіп қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартуға да оң әсер етеді. Өнеркәсіптік аймақта жасыл желек қалыптастыру – табиғи тепе-теңдікті сақтаудың маңызды қадамы.
Тұрғындардан ағаштарға ұқыптылықпен қарап, ортақ іске жауапкершілік таныту сұралады.