
Жезқазған қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның аясында қаладағы маңызды көшелердің бірі – Есенберлин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Жоба бойынша М. Жәлел көшесінен Шығыс айналма жолына дейінгі аралық толық қамтылып, жалпы ұзындығы 641 метр жолға жаңа асфальт жабыны төселеді. Бұл – жол сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.
Жөндеу жұмыстарын «Алмас Құрылыс Kazakhstan» ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда қажетті дайындық шаралары қолға алынып, құрылыс техникасы жұмылдырылған.
Аталған жоба іске асқаннан кейін көше бойындағы қозғалыс әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ. Сонымен қатар, бұл жұмыстар тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасын жақсартуға оң әсер етеді.
Жалпы, мұндай инфрақұрылымдық бастамалар қала келбетін көркейтіп қана қоймай, көлік қозғалысын реттеуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.