Басты жаңалықСпорт
Тренд

14 елдің ішінен суырылып шыққан ұлытаулық арқаншылар

Түркия Республикасында өткен халықаралық Turan Cup турнирінде Ұлытау өңірінің спортшылары арқан тартыс бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.

Аталған жарысқа әлемнің 14 елінен келген мықты командалар қатысып, өзара бақ сынады. Халықаралық деңгейдегі дода жоғары ұйымдастырумен және тартысты бәсекесімен ерекшеленді.

Ұлытаулық спортшылар 540 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Олар өздерінің физикалық дайындығы мен ұйымшылдығын дәлелдеп, командалық бірлік пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Бұл жеңіс – өңір спортының дамуы мен спортшылардың жүйелі дайындығының нақты нәтижесі.

Back to top button