
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдығына байланысты №1 Ұлытау тірек мектебінің оқушыларына «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлық, сондай-ақ қаламгерлердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, мерекеге орай арнайы көрме ұйымдастырылып, оқушылар тарихи жәдігерлермен танысты.
Мереке аясында мектеп оқушылары үшін «Ұлытау» сапар орталығында Ашық есік күні де ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар көрмеге қойылған тарихи жәдігерлерді тамашалап, олардың маңызы жөнінде мол мағлұмат алды.
Сондай-ақ «Тасбұлақ», «Ембұлақ» және «Рәміздер алаңы» бағыттары бойынша экскурсия жүргізіліп, өңірдің тарихы мен мәдени мұрасы кеңінен насихатталды.
Танымдық шаралар оқушылардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық және тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.