Қоғам

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ахмет Сыздыманов тағайындалды.

Ахмет Сыздыманов 1991 жылғы 29 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2013 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы Д.А. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Астана халықаралық әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету агенті болып бастаған. Әр жылдары «Bekairkz» ЖШС-де, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» мекемесінде және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де жауапты қызметтер атқарған.

2022–2024 жылдары Жезқазған қаласындағы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнында» директордың орынбасары және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болған.

Back to top button